Алматыда жаяу жүргінші қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

0
0
Алматы ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі адамды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан көлік иесін ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Көрнекі фото: Watch Russia
«Белгілі болғандай 1994 жылы туған Г. есімді азамат алдыңғы түнде «Лексус 330» маркалы автокөлігімен Сайн мен Төлеби көшелерінің қиылысы маңындағы жаяу жүргінші жолағында кетіп бара жатқан 1963 жылғы ер адамды қаққан. Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмған. Көлік жүргізушісі адамғакөмектескеннің орнына бойтасалауда жөн санаған. Алғашқы жедел іздестіру шараларында бейнебақылау тексеріліп, көлік сынықатарына сараптама жасалды. Осылайша қандай көлік екендігі бірден анықталды. Кейін жүргізушінің жеке басына қатысты мәлімет те белгілі болды. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Кешке қарай жас жігіт ұсталды және оның көлігі қылмыстық іс материалына тіркелді», -дейді Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің бастығы әрі полиция полковнигі Ерік Насырбеков.

Полициядағылар бұл жігіттің бұған дейін автокөлікті ішімдік ішіп алып жүргізгені үшін бір жылға жүргізу куәлігінен айырылғандығын жеткізді.

.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ