Алматыда жоғалған өнер туындысы «Целинный» кинотеатрынан табылды

0
3

Алматыда бұрынғы «Целинный» кинотеатрында белгілі суретші Евгений Сидоркиннің жоғалған сграффитосы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Целинный» кинотеатрында бірінші шараға дайындық кезінде гипсокартон қабатының астынан нағыз құнды жәдігер табылды.

Бұл кеңес суретшісі, ҚазССР еңбегі сіңген қайраткері Евгений Сидоркиннің еңбегі. 1960 жылдардың басында ол «Целинный» фойесі үшін көпқабатты үлкен композиция жасаған болатын», — деп жазды Facebook парақшасында «Целинный» замануи өнер орталығы.

2000 жылдары күрделі жөндеу кезінде сурет табылмаған соң көпшілік жоғалып кетті деп жүрген болатын. Сондықтан, бұл туындының көшірмесі жасалып, ғимараттың оңтүстік қасбетінде орналастырылған болатын.

Туындының түпнұсқасын енді 14-қыркүйектен бастап өнер орталығының ғимаратынан көруге болады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ