Алматыда жоғалып кеткен продюсердің соңғы хабарламасы күдік тудырды

0
3

Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртова жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабар тараған болатын. Екінші шілде күні кешкі тоғыздар шамасында кеткеннен қайта оралмаған әйел телефоны мен құнды заттарын да үйінде қалдырған. Бірақ кетерінің алдында қызына хабарлама жіберіпті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Фото: tengrinews.kz

Анасы Аннаның соңғы хабарламасы қызының көңіліне күдік ұялатқан. 2 шілде күні кешкі тоғыздан 24 минут кеткенде жолдаған хатынан кейін келіншек жоғалып кетіпті.

Ұялы телефон мен басқа да заттарын өзімен алмаған. Жары Марат не деп жорамалдарын да білмейді. Өмірден баз кешіп кетердей көре алмас қасы да, батқан қарызы да, тұрмыста кикілжің болмаған дейді.

«Сағат сегіздер шамасында Достық пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы дәріханаға барған. Қызым кейінірек ол жердегі бейнебақылаудың жазбасын алды. Түрлі дәрі-дәрмек сатып алған. Жұмыс көп, ұйқысы аз болғандықтан үнемі басы ауыратын», — дейді Аннаның жары Марат Нұғманов.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ