Алматылық əйелдің 28 мың долларын қолды еткен ұрылар құрықталды

0
5

Тəртіп сақшылары алматылық əйелдің 28 мың долларын ұрлаған деген күдікпен 3 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: ProMining.net

«Алматы ІІД криминалды полиция қызметкерлері 3 күдіктіні құрықтады. Бұған дейін де істі болған қаскөйлер 16 тамыз күні қала тұрғынын көшеде тонап, 28 мың АҚШ долларын алып кеткен. Ұрланған ақша қайтарылды»,-деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Сондай-ақ басқарма сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанынан хабардар етті.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ