Алматылық әйел бірнеше сағаттың ішінде менингиттен баласы мен келінінен айырылды

0
2

Алматы облысында күні кеше 19 жастағы келіншектің менингиттен қайтыс болғанын айтқан болатынбыз. Сондай-ақ Аиданың бес жасар ұлы да осы дерттен қаза тапқан болатын. Екі жақынынан санаулы сағаттарда айырылып қалған әйел жан айқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: imperiya.by

Аида баласы қиналған сәтте Талғар аудандық ауруханасына хабарласа алмаған. Ол баласын қалалық ауруханаға өзі алып келген.

Оның айтуынша, ауруханада кезек өте көп болған. 30 минут ішінде 10 шақты баланы жеткзіген. Тексеру барысында Аиданың бес жасар ұлынан менингит дерті анықталып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер қолдан келгенін жасағанымен, балақай дертінен көз жұмған.

Келінінің де дәл баласы секілді ауырып жатқанын білген Аида дереу ата-анасына хабарласып, оны ауруханаға жеткізу керектігін айтады. Бірақ 19 жастағы келінді ол уақытта ауруханаға жатқызып үлгерген екен.

Дәрігерлер науқастарды Қаскелеңнің ауруханасына алып баруға бұйрық берілгенін айтып, 19 жастағы келіншекті Талғардан Қаскелеңге алып барған. Алайда ол да осы ауруханада көз жұмады.

Санаулы сағаттарда екі жақынынан бірдей айырылған әйел енді денсаулық сақтау министрлігіне шағымданбақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ