Алматылық полицейлер орталықтарда сатылатын ұялы телефондарды тексеруде

0
7

Қалалық ІІД-нің ұйымдастыруымен ірі сауда орталықтарында ауқымды тексеріс шаралары басталды. Тәртіп сақшылары арнайы қосымша көмегімен орталықтарда саудаға қойылған ұялы телефондардың ұрланған-ұрланбағанын анықтауда деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: Mobinfo.uz

Тексерістің алғашқы толқыны Алматыдағы «Студент» ұялы телефондар орталығынан бастау алды. Ішіне 350-ден аса сауда нүктесін біріктірген орталыққа арнайы тексеріспен 70 тәртіп сақшысы жөнелтілген.

Басты мақсат — орталықтағы ұялы телефондардың ұрланған-ұрланбағанын анықтау. Тәртіп сақшылары арнайы қосымшаға әрбір телефонның кодын енгізіп, оның ұрланған телефондар базасында бар-жоғын тексереді. Әзірге мұндай жағдай «Студент» орталығынан анықталған жоқ.
Егерде, сатылымдағы ұялы телефондар ұрланғандар арасынан бой көрсетсе, сауда нүктелерінің басы бәлеге қалары сөзсіз.
Департамент өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта мұндай тексерістер қаланың он шақты сауда орталықтарында орын алмақ.

Оған қоса, олар ұялы телефондар ұрлығы салыстырмалы түрде Әуезов және Бостандық аудандарында көбірек болып тұратынын мәлімдеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ