Алматының «Саяхат» автовокзалы аймағында сауда дүкендері өртенді (фото)

0
3

Саяхат автовокзалы аумағын қалың өрт шарпыды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Алматының Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы мен Сүйінбай көшесі қиылысында бірнеше дүкен өртенді.

Фото: ҚазАқпарат

Өрт оқиғасы туралы хабар ТЖД «101» пультіне 14 маусым күні сағат 22:26-да хабар келіп түскен.

Фото: ҚазАқпарат

«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 22:35-те жетті. Өрт сөндіру кезінде дүкен ғимараттарынан 6 газ баллоны шығарылды, оның үшеуі 50, үшеуі 25 литрлік баллондар. 5 сауда дүкені мен автовокзал шатыры өртенген. Құтқарушы топ өртті 22:55-те ауыздықтап, 28:08 де толықтай сөндірді», -деді Алматы қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Фото: ҚазАқпарат

Алдын ала болжам бойынша, өртке оранған аумақтың жалпы көлемі 150 шаршы метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 42 құтқарушы мен 12 техника күші жұмылдырылды.

Фото: ҚазАқпарат

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ