Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

0
3

Бішкектің Первомай аудандық сотында криминал авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іске қатысты сот үкімі шығып, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев сотталды,- деп хабарлайды 24.kg.

Фото: ria.ru

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев сотта соңғы сөз сөйлеуден бас тартты. Бұдан бұрын прокурорлар оның мүлкі тәркіленіп, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді

Кеңесу бөлмесінен шыққан судья Эмильбек Каипов Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, бұл істі тергеу 2019 жылдың қаңтарында қайта басталған болатын. 

РИА Новости мәліметінше. 2006 жылы Бішкек маңындағы колониялардың бірінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Батукаев 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Бүлік кезінде депутат Тынығбек Ақматбаев, жазаны атқару бас басқармасының бастығы Икматулла Полотов және парламенттің екі қызметкері қаза тапқан.

2013 жылы Батукаев түрмеден босатылады. Бірнеше сағаттан кейін ол жаңа паспорт алып, елден кетеді. Тергеу мәліметі бойынша, оны босатуға жоғары лауазымды шенеуніктер, оның ішінде елдің экс-президенті Атамбаев та қатысты. Оларға «ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды» деген айып тағылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ