«Алтын адам» әлем музейлерін аралайды

0
5

«Қазақстанның «Алтын адамы» Куала Лумпурдың Негара музейіне қойылды. Қазақ жауынгерінің алтыннан тігілген киімі 1 қазан мен 31 қазан аралығында әлем музейлеріне тур жасайды», деп жазады The Star.

Фото: fishki.net

Автор Қазақстанның ұлттық символдарының бірі саналатын «Алтын адам» б.з.д. 500 жылдарға тиесілі екенін және оны шайқаста қаза тапқан жас сақ жауынгері кигенін жазады.

«Алтын адам» 1969 жылы Алматының шығысында Есік деген жердегі мазардан табылған. Киім төрт мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген және олардың көбінде жануарлар бейнесі бар. Сонымен қатар оның бас киімінің биіктігі 70 см шамасынд», деп жазады автор.

Малайзияның туризм, өнер және мәдениет министрі Датук Кетапи бұл көрме келушілердің Қазақстан мәдениеті туралы білімін тереңдетіп қана қоймай, диплломатияға да оң әсер ететінін айтты.

«Мен бұл көрме Қазақстанның тарихы мен мәдениетін терең тануға оң әсер етеді деп ойлаймын», деді ол ашылу салтанатында.

Ал Малайзия музейлер департаментінің бас директоры Камарул Бахарин Малайзия аталған көрмені ұйымдастыратын Оңтүстік Шығыс Азиядағы жалғыз мемлекет екенін атап өтті.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруін Қазақстанның ұлттық музейі мен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып жатыр. Көрмеде «Алтын адамнан» басқа алтыннан жасалған бес жүзге жуық әшекей бұйымдар мен ежелгі дәстүрлі киім үлгілері қойылған», деп жазады басылым.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ