АЛЖИР тұтқындарына құрмет: Израиль елшілігі мемориалды тақта орнатты

0
3

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені аумағында 1938-1953 жылдары тұтқында жазасын өтеген еврей ұлты əйелдерінің құрметіне мемориалды тақта қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Шара елімізде жыл сайын 31 мамырда аталып өтетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында жүзеге асырылды.

«АЛЖИР мемориалында сотталған əр ұлттың  әйелдеріне белгі қойылған болса, оның ішінде еврей əйелдері жоқ. АЛЖИР-де 855 еврей əйелі жазасын өтеді. Сол себепті, мен Израиль елшісіне хат жазып, осы мәліметтерді жеткіздім. Ол бірден «көктемде ескерткіш орнатамыз» деді. Мен осы жаңалықты Израильдің бұқаралық ақпарат құралдарында тарату үшін Қазақстанға арнайы келіп отырмын», — дейді кинорежиссер, журналист Сергей Шафир.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ