Америкада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

0
4

Американың Техас штатында жолаушылар ұшағы әуе көтерілген бойдаапатқа ұшырады. Ұшақ бортында экипаж қызметкерлерімен қоса алғанда барлығы 13 адам болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru порталына сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Алдын ала ақпарат бойынша, бортта болған 13 адамның сегізі түрлі жарақат алған, өаза тапқандар жоқ.

Бернет округінің билігі хабарлағандай, жараланғандардың барлығы ауруанаға жатқызылған. Күйік шалған зардап шегушіні тікұшақпен эвакуациялауға тура келді.

Қазіргі уақытта апат орнында Техас штатының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі мен АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының мамандары жұқмыс істеп жатыр. Ұшақ апатының себептері анықталып жатыр.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ