Армандар орындалып, үміттер ақталсын!

0
3

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов облыс тұрғындарын 2019 Жаңа жылмен құттықтады деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап UZYN. KZ.

Фото: TIO.by

 

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді 2019 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке — отбасына жылуын төгетін, ой-қиялыңды ғажайыптар әлеміне жетелеп, арман-тілектер еселенетін, өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспар құратын кезең.

2018 жылды жақсы көңіл күймен шығарып салғалы отырмыз. Игі жаңалықтарға, толайым табыстарға, қуанышты оқиғаларға толы өтіп бара жатқан жыл бізге жылы жүздесулер, жарқын жеңістер сыйлады, Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Біз өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасап, жаңа тұрғын үйлер салдық, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар аштық, жол-көлік инфрақұрылымын түзіп, әлеуеті зор жобаларды жүзеге асырдық. Осы айтулы істердің әрқайсының түп негізінде қарапайым еңбек адамдарының қарым-қабілеті мен білек күші, туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігі жатыр. 2019 жылы да біз нық сеніммен алға қадам басып, Елбасы жүктеген міндеттерді бірлесіп абыроймен атқарамыз деп ойлаймын.

 

Құрметті жетісулықтар!

 

Жаңа жылды жақсы көңіл күймен, ақ ниетпен, ізгі тілекпен қарсы алуларыңызға тілектеспін.

Әрбір шаңырақта ырыс, молшылық, түсіністік пен сүйіспеншілік салтанат құрсын.

2019 жыл армандарыңыз орындалып, үміт пен сенім ақталатын жыл болсын.

Жаңа жыл бақыт пен береке, шаттық пен шуақ алып келсін.

Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ