«Астана» өз алаңында загребтік «Динамодан» жеңіліп қалды

0
3

«Астана» футбол клубы «Динамоға» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу матчында өз алаңында 0:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Baq.kz.

Көрнекі фото: Tengrinews

Бүгін «Астана Арена» стадионында елордалық клуб загребтік «Доминоны» қабылдады. Ойынның 39-минутында хорват футболшысы Марио Будимир «Астана» қақпасына гол соғып, есеп ашты. Алғашқы тайм 0:1 есебімен аяқталды.

Матчтың екінші бөлігінің соңында, яғни 84-минутта «Динамо» сапындағы испан футболшысы Дани Ольмо есепті 0:2-ге жеткізді. Осылайша астаналық клуб футболшылары қарсылас қақпасына гол сала алмады.

Қарымта матч 15 тамыз күні Хорватия астанасы Загребте өтеді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ