Астана перзентханасында көз жұмған екі әйелге қатысты жаңа дерек шықты

0
5

Астанада №1 перинаталдық орталықта босанған екі әйелдің қайтыс болуы оқиғасының мән-жайы жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото

Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сәуле Мұқышеваның сөзіне қарағанда, екі жыл бойы №1 перинаталдық орталықта ана өлімі тіркелмеген.

Сонымен қатар, осы орталықтың мамандары жоғары білікті дәрігерлер.

«Жедел ем-дом шараларын көрсету кезінде Астана аумағындағы республикалық мекемелердің барлық мамандары шақыртылды. Оларға реанимацияның ең жаңа әдістері қолданылды. Кеше Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың, басқарма басшысының қатысуымен кезектен тыс штаб өткізілді. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүріп жатыр. Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы комиссия құрды», — деді Сәуле Мұқышева.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ