Астана перзентханасында тағы бір әйел көз жұмды

0
6

Астананың №2 перинаталды орталығында босанған келіншек көз жұмды. Дәрігерлер шақалақты аман алып қала алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

Басқарманың баспасөз қызметінен хабарлағандай, жас ананың өлімі 16 шілде күні таңғы 9:25-те тіркелген. Әйелді құтқаруға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Ұлттық кардиохирургиялық орталық дәрігерлері және «Астана» медициналық университетінің профессорлары атсалысқан.

«Жасалған барлық жансақтау шараларына қарамастан, дәрігерлер жас ананың өмірін сақтап қала алмады», — делінген хабарламада. Дәрігерлердің айтуынша, дүниеге келген қыз баланың жағдайы қанағаттанарлық. «Аталған оқиға бойынша сараптамалық комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша өлім себебі анықталады», — деп мәлім етті Денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, маусым-шілде айларында елордадағы №1 перинаталдық орталықта үш әйел көз жұмған еді. Осыған байланысты аурухана жүкті әйелдерді қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.

Кейін орталық штаттық режімде жұмысын қайта бастады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ