Астанада автобус бойжеткенді қағып кетті

0
3

 Астанада №61 жолаушылар автобусы Шыңғыс Айтматов көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik

Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген.

«Айматов көшесіндегі көлік апатына қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр. №61 бағдарлы автобусы жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Астананың полиция департаменті баспасөз қызметі.

Астанада өткен аптада дәл осындай оқиға болған еді. Ол кезде жол апаты 54-ші автобус жүргізушісінің кесірінен болды. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен ер адам жұмыстан шеттетілген.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ