Астанада бүгін 40 жұп шаңырақ көтерді

0
1

Астана күніне орай жас жұбайлардың жаппай некесін қию дәстүрге айналған. Биыл аталмыш игі шара осымен 11-ші рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо басылымына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: ҚазАқпарат

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, осыған дейін шара қатысушыларының арасында ажырасу деген атымен болмаған. Бұл жолы неке куәлігі бір уақытта 40 жұпқа берілді.

Жас жұбайлар Әлішер мен Лилия Ермұхановтар АХАТ бөліміне өтініш беру үшін осы күнді арнайы күткенін айтады.

«Біз былтыр осындай акция өткізілгені туралы естіп едік. Үйлену туралы қаңтарда шешім қабылдадық. Бірақ біз елорданың 20 жылдығына орай шаңырақ көтеруді арнайы жоспарладық. Осы шараға қатысқымыз келді», — дейді бақытты келін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ