Астанада бір мезгілде 40 жұптың некесі қиылады

0
9

Алдағы 5 шілде күні Астанада қаланың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Салтанатты неке қию рәсімі» өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі

Дәстүрлі шараға биыл 40-қа жуық жұп қатысады.

Айта кетейік, Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты неке қию рәсімі 2007 жылдан бері өтіп келеді. 2007-2017 жылдар аралығында іс-шараға 350 жас жұбай қатысты. Осы жылдар ішінде жобаға қатысушы жұптардың 800-ден астам балалары дүниеге келді.

Қала тұрғындары мен елорда қонақтарының салтанатты рәсімге деген қызығушылығы бұл шараны жыл сайынғы дәстүрге айналдырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ