Астанада екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

0
2

Астаналық полицейлер Қызылорда облысы ІІД қызметкерлерімен бірлесіп, екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушыны іздеп тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ruanava.ru

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанада 13 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Соңғы рет оқушыны 7 маусым күні  Алматы көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің маңынан көрген. 8 маусымда қыздың әкесі полицияға жүгініп, іздеу шаралары сол күні-ақ басталған еді.

Бүгін Астана ішкі істер департаменті қыздың табылғанын хабарлады.

«Жүргізілген іздеу шаралары нәтижесінде елордалық полиция қызметкерлері Қызылорда облысы ІІД-мен бірлесіп, кәмелетке толмаған қыздың тұрғылықты жерін анықтады. Қыз аман, жағдайы жақсы», — делінген хабарламада.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ