Астанада есін жоғалтқан зейнеткер  бір аптадан бері іздестірілуде

0
0

Астанада бір аптадан бері 79 жастағы Алексей Гапеенко іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Фото: ҚазАқпарат

Зейнеткер бір апта бұрын үйден шыққан және қайтып оралмаған.

Туыстарының айтуынша, Алексей Алексеевич барлық құжаттары мен жол жүру картасын үйде қалдырған, бірақ қолма-қол ақшасы болған. Зейнеткердің есте сақтау қабілетінде аздап ақау бар және көшелерді дұрыс білмейді.  Жоғалған күні А. Гапеенконың үстінде қара пиджак, сұр-қара шалбар және қара қыстық аяқ киім болған.

Оның бойы — 175 см, арық, сақалы мен шашы ақ, көздері — көгілдір.

А. Гапеенконы көрген немесе ол жайлы қандай да бір мәлімет естіген адамдар болса, туыстарына 8 705 550 84 25, 8 776 167 53 14, 8 702 796 42 24 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ