Астанада кілем жуып жүрген келіншек екі қызымен бірге суға ағып кетті

0
2

Астанада аналарымен бірге екі кішкентай қыз суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

«Оқиға 14 шілде күні сағат 15:28-де тіркелді. 1975 жылғы әйел мен оның 2006 және 2007 жылдары туған екі қызы кілем жуып жатқан кезде абайсызда суға құлап, батып кеткен. Қаза тапқандардың денесін Төтенше жағдайлар комитетінің Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының мүшелері алып шықты.

Бұл — өте қайғылы жағдай. Адамдар тыйым салынған жерлерде жүрмегені абзал»,- деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, қаза тапқан әйел мен оның қыздары «Пригородный» кешенінде тұрған. Олар кілемді Нұра-Есіл арнасының жағасында жуып жүрген.

Еске салайық, биылғы жылдың маусым айында бұл каналға 4 бала батып кеткен еді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ