Астанада рөлсіз автобус басқарған жүргізуші жұртты шошытты (видео)

0
3

Астанада автобусты рөлі жоқ болса да басқарған жүргізуші жұртты шошытты. Тұрғындар оны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жария еткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Автобусты басқаруға арналған рөл жүргізушінің орындығының астында жатыр екен. Ол жолда сынып қалған болуы тиіс. Алайда транспорттық компания қызметкерін бұл жайт тоқтата қоймаған.

Астана ІІД-не сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігінің ақпаратына сәйкес, компания басшылығы мен жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды.

Жүргізуші жолаушылардың өміріне қауіп төндірмеу үшін оларды автобустан түсіргені және өзі де автобусты тоқтатқаны алға тартылды.

Мына елді ешқандай жау алмайды)

Публикация от ??© ZTB.KZ 2018 (@ztb_video)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ