Астанада соққан дауыл Пирамиданы тесіп, алып кранды құлатқан (фото, видео)

0
6

Аяқ асты соққан дауыл Астана халқын біраз әбігерге салды. Жойқын жел салдарынан қаладағы бірнеше ғимарат зардап шегіп, ауыр кран құлап кеткен. Бұл туралы ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеген болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото instagram.com/astana_amanat

Синоптиктердің хабарлауынша, желдің соғу жылдамдығы секундына 21 метрді құраған.

Фото instagram.com/astana_amanat

Сағат 13:20 шамасында Түркістан көшесіне құлаған кран жайлы мәлімет келіп түсті.

Фото instagram.com/astana_amanat

13:36-да Бейбітшілік және келісім сарайы маңына тағы бір металл құрылымының құлап түскені белгілі болды.

Фото instagram.com/astana_amanat

14:00-де жойқын жел Алматы ауданына қарасты Миччурино массивіндегі №43-ші мектептің шатырын ұшырып әкеткені хабарланды.

Фото instagram.com/astana_amanat

14:05-те қатты соққан жел Ұлттық музейдің де сыртқы жағын қиратып кеткен.

Фото instagram.com/astana_amanat

14:06 шамасында Есіл ауданына қарасты Заречный массивіндегі тұрғын үй шатыры ұшып кеткені мәлім болды.

Фото instagram.com/astana_amanat

14:20-да Олимп Паластың сыртқы жағына қатты соққы салдарынан үлкен зақым келген.

Фото instagram.com/astana_amanat

Төтенше жағдайлар комитетінің айтуынша, медициналық мекемеге жүгінген 10 адамның тоғызы ауруханаға жеткізілген.

Фото instagram.com/astana_amanat

22 мамыр күнгі елордадағы ауа-райы құбылмалы болып, жел жылдамдығы секундына 15 метрден аспауы керек болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ