Астанада тоқумен айналысатын ер адамдар көп

0
3

Астанада тоқумен айналысатын ер адамдар көп. Бұл туралы әлеуметтік-кәсіпкер, фестиваль ұйымдастырушысы Рахима Мұқышева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: Baq.kz

«Астанада тоқумен айналысатын ер адамдар көп. Бір кемшілігі, олар мұны көрсетуге қысылады, ұялады, себебі тоқуды әйелдердің ісі деп санайды. Негізінде тоқу деген – ерлердің мамандығы. Бұл ертеректе балық аулайтын аудан пайда болған. Әйелдерді де аспаз санайды ғой, бірақ қазір ер аспаздар көп. Сол сияқты мамандықтарға деген көзқарас өзгеріп жатыр. Тоқу курсын өткізгенде табысты адамдар да, ер адамдар да көптеп келеді», — деді Мұқышева.

Оның айтуынша, өзі жұмыс істейтін Психикалық денсаулық медициналық орталығына келетін пациенттер де тоқумен айналысады.

«Пациенттер тоқуды бастаған соң бірнеше уақыт өткеннен кейін нәтижесін айтады. Бұрын олар қызу қанды болса, қазір агрессиясын жеңіп, сабырлы күйге түседі. Тоқудың арқасында адамдар өзгереді. Біздің қоғам тоқуға немқұрайлы қарайды. Шұлық пен қолғап қана тоқиды деп ойлайды», — деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетсек, бүгін 16 тамызда Астанадағы орталық саябақта «ХХІ ғасырдағы ми йогасы» («Йога мозга XXI века») атты алғашқы тоқу фестивалі басталды. Үш күн бойы сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін фестиваль аумағында әлеуметтік жұмыстар көрмесі өтеді, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары туындыларды сатып ала алады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ