Астанада зәулім ғимарат сатылымға шықты

0
9
«Зүмірет орамы» (Б блогы) әкімшілік ғимараты сатылымға шығарылды, деп хабарлайды gosreestr.kz сайтына сілтеме жасаған UZYN.KZ.
Фото: Вaq.kz
gosreestr.kz электронды сауда алаңында Астанадағы «Зүмірет орамы» зәулім кешені сатылымға шықты. Сатылымның басталуы 2018 жылдың 4 қыркүйегіне жоспарланған.

Нысанның алғашқы бағасы 24 миллиард 83 миллион 228 мың теңге болып сатылымға шығарылған. Сатылымның түрі: бағасы жоғарылайды. Нысанды «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС сатып жатыр.

45 қабатты ғимарат (+2 техникалық қабат) Қонаев көшесі 8 үйде орналасқан. Жалпы ауданы 100 923, 7 шаршы метр. Нысанның бағалау құны 23,7 миллиард теңгені құрады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ