Астаналық перзентханада аяғы ауыр екі әйел қайтыс болды

0
3

Жақын арада Mom life қосымшасында елордалық перзентханада екі жүкті әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Оқиғаның орын алағанын Астаналық денсаулық сақтау басқармасы растады деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото

«Астанадағы №1 перзентхана орталығында аяғы ауыр екі келіншек көз жұмды. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр», — деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Жүкті келіншектердің екеуі де бір перзентханада қайтыс болған. Оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.
Мамандар өлімдердің неден орын алғанын тексеріп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ