Астананың 20 жылдығына орай Ұзынағаш ауылында жарыс өтті (фото)

0
12

Астананың 20-жылдығына орай Ұзынағаш ауылының спорт кешенінде, ауыл округтер арасында футболдан жарыс өткізілді деп хабарлайды UZYN.KZ.

Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жария етілді.

Жарыс барысында, жақсы нәтиже көрсеткен командалар арнайы кубокпен, грамота, медаль және сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтатын болсақ, Қарғалы селолық округі 2018 жылғы аудан чемпионы атанды. ІІ орынды Ұзынағаш селолық округі, ІІІ орынды Мыңбаев округі алды. Жеңістеріңіз құтты болсын.

Суреттер Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасынан алынды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ