Атырауда 9 жасар қыз суға құлап, көз жұмды

0
0

Атырауда 9 жасар қыз абайсызда суға құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАҚпарат

«Қайғылы оқиға кеше сағат 19.45-де Атырау қаласындағы Балықшы кентіндегі Жайық өзенінде болған. 2009 жылы туған қыз бала абайсызда суға құлап кетті.

Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен арнайы қайықтары қыздың денесін судан сағат 20.50-де алып шықты», — делінген облыстық ТЖД таратқан  хабарламада.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Атырау облысында осымен 14 адам суға кеткен.  Оның 8-і балалар.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ