Атырауда көпірден секірмек болған қызды полицейлер құтқарды

0
1

Атырауда көпірден секірмек болған бойжеткенді полиция қызметкерлері құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: RuTraveller

Оқиға болған күні Атырау қалалық ІІБ жедел басқару орталығының инспекторы Айсұлу Әбілқасова өзіне   белгіленген  аумақты тексеру кезінде,  Жилгородок және Авангард ықшамаудандарын біріктіретін көпірден секіріп, өзіне қол жұмсағысы келген бойжеткенді байқайды. Ол оны дереу  жол патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлайды.  Бірнеше минуттан соң «Батыс-18» экипажы оқиға орнына жеткен.

«Азамат Тілепқалиев пен Бекжан Мырзағалиев есімді полиция қызметкерлері қызды құтқарды. Бірақ олар қызды қаншама құтқарғылары келсе де, бойжеткен өмірімен қош айтыспақ болған. Осының барлығын көріп, полиция қызметкерлеріне көмектесу үшін Сағынжан Ғизатуллин мен  Амантай Ілиев есімді екі азамат келеді. Құтқарушының көмегімен жігіттердің біреуі көпірдің таянышына өтіп, қызды құтқара алды»,- дейді ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

«Мен жақсы жүземін. Сондықтан мен Жайыққа түсуден қорықпадым және көпірдің таянышына қиындықсыз өттім. Полиция қызметкерлерімен бірігіп жақсы жұмыс жасадық. Маған бірдеңе болса, олардың мені құтқарып үлгеретініне сенімді едім», —  дейді Амантай Ілиев есімді құтқарушы.

Айта кетелік, Амантай Ілиев пен Сағынжан Ғизатуллин қызды құтқарған ерлігі үшін Атырау қалалық ішкі істер басқармасының Алғыс хатымен маратталды.

Екеуі де «Атырау-Ақпарат»ЖШС қызметкерлері. Оқиға күні болған күні  кешкі ауысымдағы жұмыстарына бара жатқан.

«Қазір осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 105-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Ал Атырау қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің жол полициясы батальонының инспекторлары Азамат Тілепқалиев пен Бекжан Мырзағалиевтер марапатқа ұсынылды», деп хабарлады Н.Қайсағалиева.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ