Атырауда лифт бұзылып, 22 жастағы бойжеткен шахтасына құлап кетті

0
0

Атырауда 9 қабатты үйдің лифті бұзылып, оның кабинасынан шықпақ болған жас қыз шахтаға құлап кетті деп жазады «Мой Город» порталы.

Фото: BNews.kz

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиевтің айтуынша, апат болған кезде лифт ішінде төрт адам болған. Құлаған қыз кабинадан өздігімен шықпақшы болыпты.

«Біз лифттің жай-күйін тексердік, көтергіші істен шықпаған, қалыпты жұмыс істеп тұр. Лифт бесінші мен төртінші қабаттардың арасында тұрып қалған. Құтқарушыларға хабар берудің орнына жас қыз кабинадан өзі шықпақшы болыпты. Сол кезде ол лифт шахтасына құлап кеткен. Оның артынан кабинада болған ер жігіт түсіп, шыға алмай қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төрт адамды да сыртқа алып шықты. Қазіргі таңда лифттің неліктен тоқтап қалғаны анықталып жатыр», — дейді Қайрат Хабиев.

Қазіргі таңда жараланған қыз ауруханада жатыр. Оның иық сүйегі сынған және ашық тері жарақаттары бар. Дәрігерлер науқастың жағдайы бірқалыпты деп отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ