Атырауда табылған жарылғыш заттың әскери қару екені анықталды

0
3

Атырауда сәрсенбі күні «Контейнерлік» ықшамауданында табылған жарылғыш заттың әскери қару екендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фотосурет: rostovgazeta.ru

«Кеше табылған жарылғыш құрылғы әскери жаттығу полигонында жойылды. Қазіргі уақытта шағынаудан тұрғындары үшін қауіп жоқ. Сондай-ақ, полиция бөлімшесі жарылғыш заттың қалай пайда болғанын анықтап жатыр», — деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Әлеуметтік желілердегі куәгерлердің айтуынша, ол ғимарат салынған құрылыс құмдарынан табылған. Осыдан кейін құмды әкелген жер иесі полицияға хабарлаған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ