Атыраудың табиғи резерватында жалындаған от 18 гектарға жетті

0
7

Атырауда «Ақжайық» табиғи резерватында жалындап жатқан оттың аумағы 18 гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«16 шілде күні, таңғы уақытта Еркінқала ауылының маңындағы «Ақжайық» резерватында қамыс тұтанған болатын.

Бүгінгі күні өрт толықтай сөндірілген жоқ. Оттың тұтану қаупі әлі де сақталуда. Өрттің аумағы 15-18 гектар шамасында.

Қазіргі таңда «Ақжайық» резерватында жалынмен күрес жалғасуда. Қорық аумағында «Ақжайық» резерватының 30 адамы мен 6 техникасы жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», — дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ