Атыраулық велосаяхатшы Текеліге келіп жетті

0
27

Атыраулық велосаяхатшы Ақмарал Мажитова Текелі қаласына келіп жетті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Бүгін велосаяхатшы Ақмарал Мажитова Қызылорда қаласынан Текелі қаласына 20 күнде келіп жетті.

13 жасынан велосипедті серік еткен ару, 2014 жылдан бері осы спорт түрімен айналысып, шет мемлекеттердің 13 қаласында болып үлгерген.

Ақмаралдың айтуынша, бұл сапарға арнайы Текелі қаласында орналасқан «Бұркан-бұлақ» сарқырамасын және таулы аймақтарын көру мақсатында келген екен.

Бұл игі бастамаға мұрындық болған Текелі қаласындағы вело-спорт саласын дамытып жүрген «Velotravel Tekeli» туристік орталығы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ