Ауа райы: Қазақстанда шілденің 30-ы күні жел күшейіп, бұршақ жауады

0
2

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты шілденің 30-ы күні Қазақстанның кейбір аймақтарында өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Бұршақ жауып, жел күшейеді, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады. Түнде және таң ата солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Павлодар облысында бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секунына 15-20 метрге жетіп, соңы шаңды дауылға ұласады. Жамбыл облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы да мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр дейін жылдамдықпен ұйтқиды.

Атырау облысының бірқатар аймақтарында түнде найзағай ойнайды. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстары мен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында ерекше ыстық болады және өрт қаупі туындайды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ