Ауа райы болжамы: алдағы үш тәулікте күн қайта ысиды

0
4

Синоптиктер 14-16 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Facenews.ua

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде нөсер жаңбырдан кейін қайтадан ыстық ауа-райы оралады. Иран аумағынан келген тропикалық ауаның салдарынан елімізде ауа температурасы жоғарылайды. Ресейдің Еуропалық аумағының оңтүстігінен жылжитын атмосфералық ағындар батысқа, солтүстік-батысқа, аптаның ортасында Қазақстанның солтүстік және орталық аудандарына найзағайлы жаңбыр және дауылды жел әкеледі», делінген ауа райы болжамында.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ