Аудан әкімі тілшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады (фото)

0
8

Аудан әкімі Бағдат Әлиев аудан тілшілерін кәсіби мерекесімен «Ұлттық домбыра күні» мерекесі қарсаңында құттықтап, сала үздіктерін марапаттады деп хабарлайды UZYN.KZ.

«Жандары жайсаң, көңілдері ашық барша қаламгерлер мен тілшілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Мәртебелі журналист мамандығы қашан да зор құрметке лайық.

Оқырмандарыңызды ең маңызды әрі өзекті тақырыптар бойынша хабардар етіп, мемлекеттік органдардың жұмысын түсіндіре отырып, әлеуметтік-экономикалық міндеттердің оңтайлы шешілуіне, еліміздің дамуына және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қолдау көрсетіп келесіздер.

Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз, кәсіби істеріңіз бен ерен еңбектеріңіз елімізді одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін!» — деп, жылы лебізін жеткізіп, алдағы уақыттағы жұмыстарына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ