Аудандық емхана қызметкерлері тұрғындарға тосынсый жасады (фото)

0
5

«Астананың 20 жылдық» мерейтойына оррай Жамбыл аудандық емхананың медицина қызметкерлері мен СӨС кабинеті «Ақ бота» сауда үйінің алдында акция өткізді деп хабарлайды UZYN.KZ.

Бұл туралы Жамбыл аудандық әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында айтылды.

Акция барысында адамдардың қан қысымын, салмағын, бойын өлшеп, оларға керекті кеңестер берілді.

Артериалдық гипертензияның, инсульттің, инфарктің, т.б. аурулардың алдын алу ттақырыбында аудан тұрғындарына ақпараттық парақшалармен буклеттер таратылды.

Суреттер Жамбыл аудандық әкімдігінің желідегі парақшасынан алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ