Аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы Co-working орталығын ашты (фото)

0
8

Астана қаласының 20 жылдығына орай бүгін ауданымыздың «Нұр Отан» партиясы филиалының ұйымдастыруымен орталық кітапханада Co-working орталығы ашылды деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігі

Ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадырұлы қатысты.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігі

Игі іс «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім беру орталықтары» партиялық жобасы аясында қолға алынған. Аталмыш орталық керекті кітаптарыңызды отырып оқуға ыңғайлы жиһаздардармен қамтамасыз етілген.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігі

Сонымен қатар, барлық компьютерлер интернетке қосылып, тегін Wi-Fi желісі жұмыс істеп тұр. Заманауи жабдықталған орталықта Интерактивті тақтамен, «Arduino», «Лего» робоконструкторларымен жұмыс жасау, сандық QR кітапханасының оқу ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігі

Орталықта 47 мыңнан астам кітап қоры бар. Педагогтарға да, ата-аналар мен балаларға да қолайлы орта ұйымдастырылған.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігі

Балалардың өз-өзіне сенімділігін арттыруына, ортаға тез бейімделуіне көмек көрсетіліп, ерекше балаларға әдістемелік кеңес берілетіндігін айта кетеміз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ