Аударылып қалған жолаушылар пойызының машинисі тежегішті басуға мәжбүр болған

0
0

Инвестиция және даму министрлігінің транспорт комитеті «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығуына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Транспорт комитеті факті бойынша тергеу жүргізетін арнайы комиссия құрады.

«Машинист жолдың қисайып жатқанын байқап, апатты жағдайда тежегішті басқаннан кейін оқыс жағдай болған«, — дейді мекеме өкілі.

Темір жол апатының нақты себебі тергеуден кейін анықталатын болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ