Ауыл шаруашылығы басқармасының маманы 8 млн теңгенің талонын жымқырған

0
0

Қостанай қалалық №2 сотына облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының қаржы, жоспарлау және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының сайтына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Көрнекі сурет

Қаржы бөлімінің меңгерушісіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде талан-таражға салып, иемденіп кеткен және қызмет бабында жалған құжат жасаған деген айып тағылып отыр.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, қаражаттарды сақтау, есеп жүргізу, негізгі қаражатты, материалдарды есептен шығару және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу сынды мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті азамттарға теңестірілген М. өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың жекеменшік мүдделеріне қарсы жемқорлық әрекетке барған.

«Осылайша, М. 2012 жылдың тамызы мен 2018 жылдың 1 қаңтары аралығында 56 186 литр көлемінде жалпы құны 8 1680833 теңгені құрайтын АИ 92 маркалы жанармайының талондарын ұрлаған» , — делінген облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Іс бойынша басты сот талқылауы 20 маусым күні сағат 15.00-ге бекітілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ