Автокөлік иесін өлтіргені үшін теміртаулық полицей 19 жылға сотталды

0
1
Теміртаулық полицей автокөлік иесін басынан бір оқпен атып, өлтіргені үшін 19 жылға сотталды деп хабарлайды NUR.KZ.
Көрнекі фото: NewTimes.kz

«Күдіктіні қылмыскер деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын ең жоғары қауіпсіздік режимінде өтеуге және ішкі істер қызметінің кіші сержанты» шенінен айыруға шешім шығарамын», — деді Қарағанды облысының соты Бекзат Шалғымбаев.

Кіші сержант өз кінәсін мойындады.

Ол интернет сайттардан «Тойоту камри» 55 модельді көліктің сатылымға қойылғанын көрген. Қалтасында ұсынатын ақшасы болмаса да, сатушыға 7-8 миллионның көлігін қарайтынын айтқан.

Қарағандылық Алексей көлікті көрсете бастағанда оны басынан атқан.

Айта кетейік, Алексейдің денесін бақташы тауып алған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ