Бүркіт пен түлкінің айқасы туралы видео жарияланды (видео)

0
9

Америкалық табиғат зерттеуші-фотограф Кевин Эби бүркіттің қалайша түлкінің аузындағы қоянды олжалап кеткенін видеоға түсіріп алды деп хабарлайды ria.ru сайтына сілтеме жасаған Baq.kz.

Видеодан түлкі тістеп келе жатқан қоянды бүркіт қалай тартып алып, түлкімен қоса алты метрдей биіктікке көтерілгені бейнеленген. Жеті секундқа созылған айқастан кейін түлкі жеңіліп, жерге құлайды, ал бүркіт олжасын алып, ұшып кетеді.

Фотограф түлкінің аман қалғанын айтты.

«Түлкінің құлаған сәтін бірнеше рет суретке түсіріп алдым. Оған зақым келгенін байқаған жоқпын», — дейді ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ