Бұқтырма су қоймасында ер адам суға кетті

0
1

Зыярн ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 1970 жылғы ер адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: Turplay.ru

Оқиға сенбі күні болған. Кешкі сағат 8.00 кезінде бір демалыс базасынан екіншісіне жүзіп жетпекші болған ер адам суға батқан. Құтқарушылар оны қараңғы түскенше іздегенімен, ешбір нәтиже болмаған.

«Ертеңінде сағат таңғы 7.00-дер кезінде марқұмның мәйіті табылды. Жағадан 50 метр қашықтықта, 4 метр тереңге батып кеткен» — делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

Бұған дейін аталмыш демалыс орнында 1968 жылғы адам резеңке қайықпен суға кеткен болатын. Әзірге оның денесі табылмай жатыр.

Күршім ауданында суға кеткен інісін құтқарамын деп ажал құшқан 19 жастағы бозбаланың да денесі табылар емес. Әзірге тек имам мен оның 7 жасар ұлының мәйіті судан шығарылды.

Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша жыл басынан бері 33 адам суға кеткен. Оның жетеуі — бала. Өткен жылы 44 адам судан ажал тапса, оның тек екеуі бала болған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ