Бүгін еліміздің көп бөлігінде бұршақ жаууы ықтимал

0
6

«Қазгидромет» РМК 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін, тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, солтүстікте және орталықта түнде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман болады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15м/с, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ