«Бәрін өз көзіммен көрдім» Индонезияда табиғат апатынан 168 адам өлді

0
5

 Индонезиядағы Зонд бұғазының жағалауындағы елді мекендерге цунами соғып, салдарынан 168 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: BBC.com

750-дей тұрғын жарақат алды. 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Жүздеген үй мен ғимарат қираған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Әзірге Зонд бұғазы жағалауында цунамидің тууына не себеп болғаны нақты белгісіз. Бірақ мамандар Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан теңіз астындағы көшкін жүрген деген пікірде.

Айта кетейік, Зонд бұғазы – Ява мен Суматра аралын бөліп, Үнді мұхитын Ява теңізімен байланыстырып тұрған бұғаз.

«Цунами кенеттен келіп соқты. Адамдар жан-жаққа қашып, толқын олардың кейбіреуін алып кеткенін өз көзіммен көрдім», — дейді  жергілікті тұрғын.

 

Жергілікті билік өкілі үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

«Бірақ бізге қазір ауыр техника қажет. Ал ол болса әлі келген жоқ», — деп түсіндірді ол.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ