Бағдат Әлиев «Ұлттық домбыра күні» дүниеге келген сәбидің анасын құттықтап, домбыра сыйлады (фото)

0
14

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев 1 шілде — Ұлттық домбыра күні дүниеге келген сәбидің анасын құттықтап, арнайы перзентханаға кіріп шықты. Шенеунік оған атаулы мерекеге қарсаңында домбыра тарту етті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімдігінің Instagram парақшасында айтылды.

Елбасының Жарлығымен биыл алғаш рет «Ұлттық домбыра күні» мерекесі аталып өтуде. Мереке қарсаңында аудан орталығында Асылым есімді сәби дүниеге келді.

Аудан әкімі Бағдат Әлиев қазақтың қара домбырасын өміріне ажырамас серік ететін перзент, есімі ел есінде сақталған Дина Нұрпейісова апасындай ұлттық болмысты бойына сіңірген азаматша болсын деген ниетпен Асылым дүниеге әкелген анасын құттықтап, домбыра тарту етті.

Суреттер Instagram желісінен алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ