Бағдат Әлиев аудан орталығында жаңа шағын аудан құруды армандайтынын айтты (видео)

0
34

3 сәуір күні Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлердің қатысуымен кәсіпкерлер Палатасы Жамбыл аудандық филиалының шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік кездесуі өткені белгілі. Аталған кездесуде сөз алған Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев аудан орталығында жаңа шағын аудан құруды армандайтынын айтты деп хабарлайды UZYN.KZ. 

Аудан әкімінің айтуынша, ол жаңа шағын аудан Ұзынағашқа кіре берісте орналасқанына қалайды. Ол жаңа ауданның тұрғындарға аса қолайлы болатынын мән беру керектігін сөз етті.

«Ұзынағаштың кіре-берісінде әдемі бір керемет микрорайон жасаса деген ойымда бар», — деген әкім бұл арманының іске асуы үшін қандай жұмыстар істеліп жатқанына тоқтала кетті.

Айтуынша, жаңа шағын ауданда мектеп, мешіт секілді қоғамдық нысандардың құрылысы да қолға алынуы мүмкін.

Еске салсақ, 3 сәуір күні Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында кәсіпкерлер Палатасы Жамбыл аудандық филиалының шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік кездесуі өткен болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ