Бағдат Әлиев аудандағы мектептерге тексеріс жүргізді (фото)

0
4

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы бірқатар мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Бағдат Әлиев Сұраншы батыр орта мектебіне барып, тексеру жұмыстарын жүргізді деп хабарлайды UZYN.KZ.

Ауданымызда бірнеше мектептерде күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Болашақ ұрпақтарымыздың білім алып шығатын ордасының таза, ыңғайлы және сапалы болғаны бәрімізге бір қуаныш деп білеміз.

Соның ішінде Сұраншы батыр орта мектебіне аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында тамыз айының соңында аяқталатын құрылыстың сапалы және уақытылы орындалуын ескертті.

Суреттер Жамбыл ауданы әкімдігінің желідегі парақшасынан алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ