Бағдат Әлиев кәсіпкерлерді қос қолдап қолдайтынын айтты (видео)

0
7

Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев өңірдегі кәсіпкерлерді кез келген жағдайда қолдауға дайын екенін айтты. Бұл туралы ол Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл аудандық филиалының есептік кездесуінде айтты деп хабарлайды UZYN.KZ.

Бұл кездесуде сөз сөйлеген Жамбыл ауданының әкімі әкімдік тарапынан өңір кәсіпкерлеріне қолдау болатынын жеткізді. Оның айтуынша, кез келген шағын бизнес өкілі бұл қолдауға ие бола алады.

«Аптаның 7 күнінде, тәуліктің 24 сағатында кез келген мәселені бірлесіп шешуге дайынбыз. Басты мақсат — әлеуметтік-экономикалық жағдайымызды жақсартып, Ұзынағаштың аудан орталығы деп мақтана айта алатындай дәрежеге жетуі», — деді аудан әкімі.

Еске салсақ, 3 сәуір күні Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында кәсіпкерлер Палатасы Жамбыл аудандық филиалының шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік кездесуі өткен болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ