Бақанастағы Қонаевтың жаңа ескерткіші төңірегіндегі дауға қатысты тексеріс басталды

0
47

Алматы облысындағы Дінмұхамед Қонаевқа орнатылған даулы ескерткішке қатысты тексеріс жұмыстары басталды. Бірнеше мамандардан құралған жұмыс тобы бүгін Бақанасқа аттанды, деп хабарлайды UZYN.KZ тілшісі.

Фото Facebook/Olzhas Muhamedi

Әлеуметтік желіде талқыға түскен Алматы облысы Бақанас ауылында орнатылған су жаңа ескерткіштің кемшіліктерін анықтау мақсатында жұмыс тобы құрылды. Аталған комиссияға Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ескерткіштер, музей, галерея, кітапхана ісі бөлімінің басшысы Мәлікқызы Гүлмира Қалқабаева басшылық етеді.

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бүгінгі күні Д.А.Қонаевқа орнатылған ескерткіштің кемшіліктері мен ескерткіштерді орнату тәртібіндегі бұзушылықтарды анықтау үшін құрамына облыстық Тарихи мұра ескерткіштер орталығының директоры, басқарманың бөлім басшысы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, облыстық галерея директоры, Алматы қаласынан тәуелсіз эксперт-мүсіншіден құрылған жұмысшы тобы Балқаш ауданы Бақанас ауылына іс-сапарға шықты», — делінген ведомство хабарламасында.

Айта кету керек, сырт келбеті көпшілікке жақпай қалған еліміздің біртуар азаматы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін мүсінші Бейсенов Алтай Исатайұлы жасаған болатын. Ал аталған ескерткішке тапсырыс берген Д.А.Қонаев атындағы «Сауап» қоғамдық-қайырымдылық қоры мен «Д.А. Қонаевтың 100 жылдығы» Балқаш аудандық қоры. 

Сонымен бірге, бұл ескерткіш демеушілер есебінен бөлінген қаражатқа салынғаны анықталды. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ